ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Aldo Group Inc., оның филиалдары және “Fashion Retail Kazakhstan” франшиза алушылар өз клиенттерін бағалайды және олардың жеке құпияларын құрметтейді. «Жеке ақпаратты сақтаудан» («Құпиялық стратегиясы») біз сізден алатын жеке ақпаратты, біздің оны жинайтын мақсатымызды, оны қолдану тәсілдерін және онымен үшінші тараппен бөлісе алу мүмкіндігін түсінеміз. Сондай-ақ стратегияда біздің сіздің ақпаратыңызды жинауға, қолдануға және жариялауға қатысты сізге арналған таңдау нұсқалары берілген. “Fashion Retail Kazakhstan” осы Стратегиямен келіспей, сіздің жеке ақпаратыңызды жинамайды, қолданбайды және жарияламайды.
http://www.myspringshoes.com/kazakhstan/ веб-сайтын қолданып, “Fashion Retail Kazakhstan” Стратегиясының қаулысымен және шарттарымен келісесіз. Егер біздің Стратегиямыз болашақта өзгеретін болса, біз клиенттерімізді және веб-сайтты қолданушыларды осындай кез келген өзгерістер туралы жетілдірілген Стратегияны біздің веб-сайтымызға орналастыру арқылы ақпараттандырамыз.
Осындай өзгертулерді орналастырғаннан кейін біздің http://www.myspringshoes.com/kazakhstan/ веб-сайтымызды қолдануды жалғастыруыңыз сіздің осы өзгертулермен келісетіндігіңізді білдіреді және сіз оларды сақтауға міндетті боласыз. Егер сіз біздің Стратегиямыздың өзгеруіне байланысты біздің http://www.myspringshoes.com/kazakhstan/веб-сайтымызды қолдануды жалғастырмасаңыз, сондай-ақ өзіңіздің жеке ақпаратыңызға қатысты ешқандай әрекеттер орындамасаңыз, онда мұндай ақпаратты біздің қолдануымыз өзгертілуіне дейін қолданылған Стратегияға сәйкес жүргізілетін болады. Стратегияны, сонымен қатар ондағы өзгерістерді уақытылы тексеріп тұруға Сіз жауап бересіз.
Біздің жеке ақпаратты сақтау ережелері
“Fashion Retail Kazakhstan” қандай түрдегі ақпараттарды жинайды?
“Fashion Retail Kazakhstan” менің ақпаратымды қандай мақсатпен жинайды?
“Fashion Retail Kazakhstan” менің ақпаратыммен үшінші тұлғалармен бөліседі ме?
Жарнамалық ақпаратты алудағы өз таңдауымды қалай іске асыра аламын?
Cookies дегеніміз не және “Fashion Retail Kazakhstan” cookies өз сайтында қалай қолданады?
Өзімнің жеке ақпаратыма қалай қатынауыма немесе оны қалай өзгертуіме, өз келісімімді қайтарып алуыма, сұрақтар қоюыма немесе осы Стратегияға және құпиялық технологиясына қатысты шағымдар жасауыма болады ма?
Жеке ақпарат қанша уақыт сақталады?
Жеке ақпараттың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
“Fashion Retail Kazakhstan” қандай түрдегі ақпараттарды жинайды?
Егер сіз ақпаратыңызды сақтасаңыз немесе оны бізбен телефонмен, электрондық поштамен қарым-қатынас жасау сияқты басқа да тәсілдермен бізге берсеңіз, не болмаса егер сіз байқауға, жарнамалық акцияға немесе сауалнама қатысу үшін online-мен, сондай-ақ біздің бөлшек сауда жасайтын дүкендеріміздің бірінде ақпарат енгізу бланкын толтырсаңыз, біз сіздің жеке ақпаратыңызды жинай аламыз. Осындай акциялардың нәтижесінде атыңыз, e-mail және пошталық мекенжайыңыз, телефон нөмірлері, соның ішінде мекенжайлық және телефон нөмірлері, тауарға деген қызығушылық туралы ақпарат және қаржылық ақпарат сияқты жеке ақпараттарды, сонымен қатар белгілі бір жағдайларда – пікірлеріңіз бен жеке қалауларыңызды ұсына аласыз.
“Fashion Retail Kazakhstan” веб-сайты кәмелеттік жасқа толғандарға қолдануға арналған. “Fashion Retail Kazakhstan” 13 жасқа толмағандардан ешқандай жеке ақпаратты әдейі жинамайды. 13 жасқа толмаған балалар “Fashion Retail Kazakhstan” веб-сайтын қолданбауы немесе “Fashion Retail Kazakhstan” компаниясына қандай да бір ақпаратты ұсынбауы керек.
“Fashion Retail Kazakhstan” менің ақпаратымды қандай мақсатпен жинайды?
“Fashion Retail Kazakhstan” сіздің жеке ақпаратыңызды (1) сізге немесе сіздің достарыңызға, туған туыстарыңызға немесе әріптестеріңізге сіз тапсырыс берген бұйымдарды жіберу; (2) сіздің сатып алу бойынша қалауыңыз туралы толығырақ білуге көмектесу; және (3) бізге клиенттерге қызмет көрсету деңгейін бағалауға, біздің жұмысымызды бақылауға және бізден тауар сатып алу процесін жақсартуға және тауар ұсыныстарын жасауға көмектесу үшін нарық пен жұмыстарға зерттеу жүргізу үшін қолдана алады. Төменде көрсетілгендей, сіз өз таңдауыңыз бойынша жарнама материалдарын немесе маркетингтік ақпаратты алмауға құқылысыз.
“Fashion Retail Kazakhstan” менің ақпаратыммен үшінші тұлғалармен бөліседі ме?
Егер сіз http://www.myspringshoes.com/kazakhstan/веб-сайтына кірсеңіз, байқауларға, сауалнамаларға, жарнама акцияларына немесе арнайы ұсыныстарға қатыссаңыз, немесе “Fashion Retail Kazakhstan” немесе “Fashion Retail Kazakhstan” қандай да бір филиалынан тауар сатып алсаңыз, онда сіздің жеке ақпаратыңызды “Fashion Retail Kazakhstan” компаниясының осы филиалына бере аламыз, ол осы ақпарат арқылы сізбен байланысады (электрондық пошта, пошта немесе басқа да тәсілдер арқылы) және өзінің сізді қызықтыруы мүмкін тауарлары, қызметтері, байқаулары, жарнама акциялары және арнайы ұсыныстары туралы жарнамалық материалдармен және қосымша ақпараттармен қамти, сонымен қатар осы ақпаратты Стратегияға сәйкес және Стратегияда көзделген басқа да мақсаттар үшін жинай және қолдана алады. Заңмен рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, біз сіздің жеке ақпаратыңызды бөгде үшінші тұлғаларға сатпаймыз және жалға бермейміз. Бірақ, біздің бизнесімізді түгелімен немесе бір бөлігін, немесе басқа да осыған ұқсас келісімді сатқан жағдайда біз сіздің жеке ақпаратыңызды сатып алушыға немесе потенциалды сатып алушыға бере немесе жариялай аламыз, ол мұндай ақпаратты ұсынылған келісімді немесе жұмыстарды бағалау және сатып алынған бизнестің ісін басқару мақсатында, немесе осы Стратегияда көрсетілген басқа да мақсаттарда жинай, қолдана немесе жариялай алады.
Біз үшінші тараптарға жеке ақпаратты өңдеу мақсаттарында қолдануға немесе жариялауға тыйым салатын және ақпарат құпиялығының дәрежесіне сәйкес келетін қауіпсіздік кепілдіктерін орнататын келісімдерге сәйкес өңдеу үшін қатысы жоқ үшінші тұлғаларға бере аламыз.
Біз сіздің жеке ақпаратыңызды заң талаптарына сәйкес, сот процестеріне байланысты сұрауларға және құқық қорғау органдарының сұрауларына жауап ретінде, сонымен қатар “Fashion Retail Kazakhstan” немесе ALDO филиалдарының жекеменшігін, мүдделері мен құқықтарын қорғау қажеттілігі мақсатында жариялау құқығына иеміз. “Fashion Retail Kazakhstan” веб-сайты үшінші тұлғалар қолданатын веб-сайттарға сілтемелерден тұруы мүмкін. Бұл веб-сайттар сіздің жеке ақпараттарыңызды жинай алады. Бұл Стратегия үшінші тараптың технологияларына қолданылмайды, және “Fashion Retail Kazakhstan” олардың қолданылуына жауап бермейді, үшінші тұлға осы веб-сайт арқылы осы веб-сайтты қолданған және/немесе веб-сайтқа қатынаған кезде сіз “Fashion Retail Kazakhstan” үшінші тараптың әрекеттеріне, технологияларына және қателеріне қатысты кез келген жауапкершіліктен босатасыз. Өзіңіз кіретін әр сайттағы жеке ақпаратты сақтау ережелерін тексеруіңізді сұраймыз.
Жарнамалық ақпаратты алудағы өз таңдауымды қалай іске асыра аламын?
Біз сізбен байланысты сіз біздің хабарламаларымызды алғыңыз келген жағдайда ғана орнатқымыз келеді. Егер сіз бізден немесе ALDO басқа филиалдарынан жарнамалық ақпаратты алуды қаламасаңыз немесе егер сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңызды сіздің тауар сатып алу процесіңізді жақсарту үшін қолдануымызды қаламасаңыз, сізден ол туралы 1-800-246-9405 телефон нөміріне қоңырау шалу немесе төмендегі мекенжай бойынша хат жазу арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: Call it Spring Customer Service, 2300 Emile-Belanger, Montreal, Quebec, Canada, H4R 3J4. Сіздің сұрауыңызды пошта арқылы өңдеу екі аптаға созылуы мүмкін, осы мерзім аралығында “Fashion Retail Kazakhstan” немесе ALDO басқа филиалдарынан хабарламалар алуды жалғастыра бере аласыз.
Cookie дегеніміз не? “Fashion Retail Kazakhstan”cookies өз сайтында қалай қолданады?
Біз сіздің қалауыңыз бен қызметіңіздіhttp://www.myspringshoes.com/kazakhstan/ веб-сайтында немесе ALDO қандай да бір филиалының веб-сайтында қадағалау үшін cookies қолдана аламыз. Cookies – бұл веб-сайттан сіздің компьютеріңіздің қатты дискісіне ауыстырылатын кішкене ақпараттық файлдар. Олар сіздің сайтқа кіруіңізді барынша нәтижелі қыла отырып, сіздің қалауыңызды тіркеуді сақтап қалады. Cookies түрлі ақпараттарды, соның ішінде сіздің сайтқа кіруіңіздің санын, тіркеу ақпаратын және жеке парақтарды немесе сайттағы басқа да элементтерді қарауыңыздың санын сақтап қала алады. Cookies қолдану – клиенттерге неғұрлым сапалы қызмет көрсету үшін басым көпшілік сайттар арқылы қабылданған жалпы тәжірибе. Басым көп браузерлер cookies қабылдайды, бірақ олар блоктауға оңай реттелген болуы мүмкін; cookies блоктау мәліметтерін, егер куки алғаныңызды білу жолы және cookies толығымен өшіру туралы браузеріңіздің анықтамасынан іздеңіз. Алайда, cookies фацлдарынсыз веб‑сайттың кейбір функциялары қол жетімсіз болатынын және пайдаланушы сайттың кейбір артықшылықтарын пайдалана алмайтынын ескерткен жөн.
Өзімнің жеке ақпаратыма қалай қатынауыма немесе оны қалай өзгертуіме, өз келісімімді қайтарып алуыма, сұрақтар қоюыма немесе осы Стратегияға және құпиялық технологиясына қатысты шағымдар жасауыма болады?
“Fashion Retail Kazakhstan” компания жинайтын жеке ақпараттың, ол қолданылуы тиіс мақсаттар үшін қажетті болатындай дәл, толық және заманауи болуына кепілдік береді. Сіз біз жинаған жеке ақпараттарыңызға өзгертулер енгізу үшін қатынау сұратуға немесе өтініш білдіруге құқылысыз. “Fashion Retail Kazakhstan” компаниясына осындай сұрау жасау, немесе қандай да бір сұрақтар қою, немесе осы Стратегияға және құпиялық технологиясына қатысты шағым жасау үшін ақпараттың құпиялығына жауап беретін біздің қызметкерлерімізге төменде көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
Клиенттерге қызмет көрсету
Fashion Retail Kazakhstan
Абылай Хан к-сі, 62
Алматы, Қазақстан
kazakhstan_@callitspring.com
Егер сіз осында берілген ақпараттарға сәйкес жеке ақпаратты жинауға, қолдануға және/немесе жариялауға келісім берсеңіз, жоғарыда көрсетілгендей ақпараттың құпиялығына жауап беретін біздің қызметкерлерімізге ақпарат жіберу арқылы өз келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып ала алатындығыңызға назар аударуыңызды сұраймыз.
Жеке ақпарат қанша уақыт сақталады?
Біз сіздің жеке ақпаратыңызды осы Стратегияда көрсетілген мақсаттар үшін жарамды болғанға дейін немесе егер оны қолданыстағы заң талап ететін болса, барынша ұзақ мерзім ішінде сақтай аламыз.
Жеке ақпараттың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Біз жеке ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету және ақпараттың құпиялығының дәрежесін және ол қолданылуы тиіс мақсаттарды есепке ала отырып, жеке ақпаратты жоғалту мен ұрлаудан, сонымен қатар рұқсатсыз қатынаудан, жариялаудан, көшіруден, қолданудан немесе өзгертуден қорғау үшін тиісті шараларды қабылдадық. Сонымен қатар, “Fashion Retail Kazakhstan” барлық қызметкерлері, уәкілетті өкілдері осы Стратегияны ұстануы тиіс.
Соңғы жаңарту: 15-8-2008
|