ЗАҢДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. ОСЫ ВЕБ-САЙТТЫ ҚОЛДАНУ
Бұлвеб-сайт ALDO Group Inc. (әрі қарай “ALDO”) меншігі болып табылды және ақпаратты жеке коммерциялық емес мақсатта қолдану үшін жұмыс жасайды. Сіздің осы веб-сайтты қолдануыңыз төменде берілген шарттармен және барлық қолданыстағы құқықтар нормалармен реттеледі. Осы веб-сайтты қолдану және оны қарау кезінде сіз осы шарттармен қандай да бір шетеулерсіз немесе ескертулерсіз келісесіз. Сіз өзіңіздің осы сайтқа және онда қолданылатын материалдарға қатынауыңыз әр юрисдикцияда заңмен рұқсат етілгендігіне жауап бересіз. Бұл веб-сайт кәмелеттік жасқа толғандарға ғана қолдануға арналған. 13 жасқа толмаған азаматтар бұл веб-сайтты қолданбауы керек. Сонымен қатар, егер сіз 13 жасқа толып кетсеңіз, бірақ еліңіздің юрисдикциясына сәйкес кәмелеттік жасқа жетпесеңіз, бұл веб-сайтты сіздің атыңыздан ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз қолдануы керек, ал сіз сайты өз бетіңізше қолдана және “Fashion Retail Kazakhstan” қандай да бір жеке ақпаратты бере алмайсыз. “Fashion Retail Kazakhstan” 13 жасқа толмағандардан ешқандай жеке ақпаратты әдейі жинамайды. “Fashion Retail Kazakhstan” компаниясына және компания филиалдары бір тарапты тәртіппен қызметтерді көрсетуден бас тартуға, эккаунттарды жабуға немесе тапсырыстардың күшін жоюға құқылы.

2. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
Біздің құпиялылық технологияларымыз біздің Жеке ақпаратты сақтау ережелерімізде түсіндіріледі, сондай-ақ олар сіздің осы веб-сайтқа кіруіңізді реттейді. Егер сіз осы веб-сайтқа кіруіңізді жалғастыра берсеңіз, онда бұл сіздің Жеке ақпаратты сақтау ережелерін оқығандығыңызды және осыған байланысты жауапкершіліктермен, сонымен қатар оның талаптарымен және ұйғарымдарымен келісетіндігіңізді білдіреді. Сіз “Fashion Retail Kazakhstan” компаниясының кейде енгізілетін өзгертулерді есепке ала отырып, Жеке ақпаратты сақтау ережелерінде берілген талаптар мен мақсаттарға сәйкес сіздің жеке ақпаратыңызды қолдануына келісесіз.

3. ТАУАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
САТЫЛЫМДА БАР ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ “FASHION RETAIL KAZAKHSTAN” КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА ТАРАТА АЛАТЫН ТАУАРЛАР ТЕК ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА САТЫП АЛЫНАДЫ, ЖӘНЕ САЙТТЫҢ БҰЛ БӨЛІМІ ТЕК ҚАЗАҚСТАН КЛИЕНТТЕРІ МЕН ПОТЕНЦИАЛДЫ КЛИЕНТТЕРГЕ ҒАНА АРНАЛҒАН. “Fashion Retail Kazakhstan” және оның филиалдары сатылымда бар және/немесе ALDO компаниясының таратуы үшін қол жетімді барлық тауарларды сипаттаудың мүмкіндігінше дәл болуына ұмытылады. Дегенмен, ALDO компаниясы тауар сипаттамасының немесе сайттың басқа да мазмұнының дәл, толық, сенімді болуына, ағымдағы сәтке сәйкес келетіндігіне немесе қате еместігіне кепілдік бере алмайды.
БҰЛ ВЕБ-САЙТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ ҚАНДАЙ ДА БІР ТАУАРДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІ САТУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛМАУЫ КЕРЕК.

4. КЕПІЛДІКТІҢ КҮШІН ЖОЮ
ALDO осы веб-сайттың жұмыс жасауына, дұрыс жұмыс жасауына немесе күйіне, оның қолдануға жарамдылығына, сонымен қатар оның үздіксіз жұмыс жасауына немесе қателердің болмауына қатысты мәлімдемелер жасамайды және кепілдіктер бермейді. ALDO сайттағы немесе оған қатысы бар кез келген қателердің жойылатындығын немесе веб-сайт жұмыс жасайтын кез келген сервер вирустардан немесе басқа да зиянды компоненттерден таза болатындығын мәлімдемейді, жауапкершілік көтермейді және кепілдік бермейді. ОСЫ ВЕБ-САЙТТАҒЫ БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛ НЕМЕСЕ АҚПАРАТ СІЗГЕ «СОЛ КҮЙІНДЕ», «БАРЛЫҚ ҚАТЕЛЕРІМЕН» ЖӘНЕ АЙҚЫН ЖӘНЕ ТҰСПАЛДАНАТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІКТЕРСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ. ALDO, ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯ ИЕГЕРЛЕРІ, ЖӘНЕ ФРАНШИЗА АЛУШЫЛАР ЗАҢДА КӨЗДЕЛГЕН, АЙҚЫН НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАМА, ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІКТЕРДІ НЕМЕСЕ ШАРТТАРДЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР САТУ ҮШІН ЖАРАМДЫЛЫҚТЫҢ, САПАНЫҢ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІНІҢ, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА СӘЙКЕСТІЛІГІНІҢ НЕМЕСЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІН НЕМЕСЕ ШАРТТАРЫН МОЙЫНДАМАЙДЫ. Бұл шығарулар осы қаулылар мен талаптарда басқа тәсілмен көзделген кез келген ерекше шығаруға толықтыру болып табылады. Белгілі бір федералдық немесе жергілікті заңдар белгілі бір кепілдіктен шығаруға рұқсат етпейтін болса, бұл шығарулар сізге қатысты болмауы мүмкін.

5. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

ALDO КЕЗ КЕЛГЕН ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, АРНАЙЫ НЕМЕСЕ ТУЫНДЫ БҮЛІНУЛЕР ҮШІН, КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ МАТЕРИАЛДАРДЫ, ТАУАРЛАРДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУҒА НЕМЕСЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН ЕМЕСТІГІ ҮШІН, ҚҰҚЫҚТЫ ТОҚТАТУ НЕМЕСЕ ПАЙДАНЫ, ДЕРЕКТЕРДІ, БИЗНЕСТІ НЕМЕСЕ ІСКЕРИ АТАҚТЫ ЖОҒАЛТУ ҮШІН ШАРТТЫ, ӘДЕПТІЛІК, СОНДАЙ-АҚ ШАРТТАН ТЫС НЕГІЗДЕ ЖАУАПТЫ ЕМЕС, ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУГЕ НЕМЕСЕ СІЗГЕ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ТАРАПҚА КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУҒА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. Сіздің жалғыз және ерекше құрылыңыз болып осы веб-сайтты қолдануды және оған қатынауды тоқтату болып табылады. Белгілі бір федералдық немесе жергілікті заңдар белгілі бір шығынды шығаруға немесе шектеуге рұқсат етпейтін болса, бұл шығарулар сізге қатысты болмауы мүмкін.

6. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР МЕН САУДА БЕЛГІЛЕРІ
Осы веб-сайттағы материалдар, соның ішінде мәтіндер, кескіндер, суреттемелер, бағдарламалық жасақтамалар, аудиоклиптер мен бейнеклиптер, сондай-ақ басқа да көптеген материалдар “Fashion Retail Kazakhstan” компаниясының меншігі болып табылады немесе басқа да тәсілдермен компания қамтамасыз етеді, және “Fashion Retail Kazakhstan” мұндай материалдың қандай да бір тұлғаның немесе ұйымның құқығын бұзбайтындығын мәлімдемейді және кепілдік бермейді. Осы веб-сайттағы материал ҚАЗАҚСТАНДА және басқа да юрисдикцияларда Авторлық құқық туралы заңмен және қолданыстағы халықаралық шарттардың әсерімен қорғалған. Сәйкесінше, осы веб-сайттағы материалдарды, мәтіндерді, аудио- және бейне материалдарды “Fashion Retail Kazakhstan” компаниясының алдын ала жазбаша келісімінсіз толығымен немесе жартылай, кез келген формада көшіруге, ойнатуға, қайта басып шығаруға, жүктеп алуға, пошта арқылы жіберуге, беруге, таратуға немесе өзгертуге болмайды. Осы веб-сайтта ұсынылған тауар белгілері, логотиптер және қызмет көрсету белгілері (барлығы бірге «Маркалар») ALDO-ның және басқаларының тіркелген немесе тіркелмеген маркалары болып табылады, өздерінің тиесілі иегерлерінің меншігі болып табылады және осындай Маркалардың иегерлерінің жазбаша рұқсатынсыз қолданыла алмайды. Осы веб-сайттағы ешнәрсе Авторлық құқық туралы заңмен қорғалатын Маркаларды немесе материалдарды қолдану құқығын беру ретінде талқылана алмайды.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, “Fashion Retail Kazakhstan” көшірмесі тек коммерциялық емес жеке мақсаттарда және барлық жағдайларда мұндай көшірме барлық авторлық құқықтармен, сауда белгісімен, қызмет көрсету белгілерімен және авторлық меншікке қатысты басқа белгілермен, мұндай сайтта қамтылатын таңбалармен қорғалатын шартпен осы сайтта ұсынылатын ақпараттың бір электрондық немесе баспа көшірмесін жасау құқығын береді. Бұл рұқсат берілмейді: сайтты немесе оның мазмұнын қандай да бір қайта сатуға; тауарлар тізімін, оның сипаттамасы немесе бағаларын қандай да бір жинау; осы сайт пен оның мазмұнын кез келген қосымша пайдалану; қандай да бір коммерсант үшін пайда табу мақсатында ақпаратты кез келген жүктеп алу немесе көшіру; немесе деректерді жинау және қолдану үшін кез келген деректер іздеу құралдарын, роботтарын немесе деректерді жинау және алудың ұқсас құралдарын кез келген қолдану. ALDO компаниясының жазбаша келісімінсіз ALDO компаниясының және оның филиалдарының меншігі болып табылатын кез келген сауда белгісін, логотипті немесе басқа ақпаратты (соның ішінде, суреттер, мәтіндер, бетті безендіру немесе сыртқы түрі) қосу үшін фрейм немесе фрейм технологиясын қолдануға болмайды. ALDO компаниясының жазбаша келісімінсіз ALDO атауын немесе сауда белгілерін қолдана отырып, ешқандай мега‑тэг немесе басқа кез келген «жасырын мәтін» қолдануға болмайды. Бұл сайты және/немесе оның мазмұнын рұқсатсыз қолдану ALDO берген рұқсат немесе лицензияның мазмұнының әрекетін тоқтатады.

7. БЕРІЛГЕН АҚПАРАТТЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ
Сіз қолданылатын құқықтық нормаға немесе ALDO жеке ақпаратты сақтау ережелеріне сәйкес талап ететін жағдайларды қоспағанда қатынас арқылы электрондық түрде ұсынатын ақпаратыңыз немесе материалыңыз немесе осы осы веб‑сайтты қолдану құпия немесе меншікті болып табылмайтынын мойындайсыз, сонымен қатар, Интернет арқылы электрондық пошта бойынша қорғалмаған ақпарат алмасу ақпараттың алынуына, өзгертілуіне немесе жоғалуына әкелетінін мойындайсыз. ALDO үшін қатынас болған жағдайда немесе қолдану кезінде электрондық жолмен ұсынатын ақпарат немесе материал қандай да бір тұлғаның немесе ұйымның құқықтарын бұзбайтынын мәлімдейсіз және кепілдік бересіз. Сіз ALDO компаниясының коммерциялық мақсаттарында ALDO компаниясына осы ақпаратты немесе материалды толығымен немесе оның бір бөлігін кез келген жолмен, соның ішінде осы ақпаратты немесе материалды немесе идеяларды, концепцияларды немесе осында қамтылатын басқа ақпаратты шығаруға, қайта жіберуге немесе жариялауға немесе “Fashion Retail Kazakhstan” жеке ақпаратты сақтау ережелеріне (жоғарыдан 2‑тарауды қараңыз) сәйкес жеке басыңызды жариялауға рұқсат бересіз.

8. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЙЛАНЫС
Бұл веб‑сайтқа кіргенде немесе онда электрондық пошта бойынша хаттар жіберу кезінде бізбен электрондық пошта арқылы байланыс жасайсыз. Біз сізбен электрондық поштамен немесе осы веб‑сайтта хабарландыру орналастыру арқылы хабарласамыз. Сіз біздің электрондық жолмен беретін барлық келісімдердің, хабарландырулардың, куәліктер берілуінің және басқа хабарлардың мұндай хабарлардың жазбаша формасына қатысты заңнама талаптарына сәйкес келетініне келісесіз.

9. БАҚЫЛАУ
ALDO компаниясы өз веб‑сайтына қатынасты және компанияның веб‑сайтына қатысты басқа әрекеттерді бақылауға және осыған байланысты іске араласуға құқылы. Алайда, ALDO осыған байланысты мәлімдемелер жасамайды немесе кепілдіктер бермейді. ALDO қашан болмасын жүзеге асыруға шешім қабылдаса, мұндай бақылау және араласуға рұқсат бересіз.

10. СІЛТЕМЕЛЕР

Сілтемелер мен басқа веб‑сайттарға көрсетулер сізге тек ыңғайлылық үшін беріледі. ALDO басқа веб‑сайттар немесе басқа ақпаратқа немесе материалға немесе олардың қолжетімді болуына шолу жасамайды және айқын не тұспалды түрде ұсынбайды, сонымен қатар, мұндай веб‑сайттар немесе ондағы ақпарат немесе материал үшін жауапты емес. Сіз ALDO компаниясы айқын түрде рұқсат етпейінше басқа веб‑сайттардан осы веб‑сайтқа сілтеме жасай алмайсыз. Рұқсат алу үшін келесі мекен‑жай бойынша біздің әкімшіге хабарласыңыз: comments@aldogroup.com

11. ВИРУСЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР
ALDO осы сайтта немесе осы сайт арқылы ақпарат немесе материалдың, соның ішінде жүктелетін бағдарламалық жасақтаманың үздіксіз, қателері, ақаулары, вирустары немесе басқа зияндары құрамдастары жоқ болатыны және анықталған мұндай кез келген мәселелер шешілетіні туралы мәлімдемейді және кепілдік бермейді.

12. БАСҚАЛАРПҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ
Осы сайтта немесе ол арқылы басқаларға зиян келтіруі мүмкін қандай да бір ақпарат немесе материалдарды орналастырмауға келісесіз. Бұдан басқа алдын ала біле отырып немесе басқа жолмен материалға немесе ақпаратқа жалған, жала жабу, диффамация немесе келеңсіздік болуы мүмкін немесе жек көрушілік тудыруы немее қандай да бір жолмен қылмыстық іске немесе кез келген шағым беруші немесе ұйым тарапынан азаматтық‑құқықтық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін қандай да бір қателер немесе ақауларды енгізбеуге келісесіз.

13. ҚҰҚЫҚТАРДЫ ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРУ
Осы шарттарға сәйкес айқын түрде берілмейтін барлық құқықтар ALDO компаниясында қалдырылады. Бұл шарттарда қамтылатын еш нәрсе авторлық құқықтарға, патентке құқықтарға, сауда белгісіне немесе ALDO компаниясының басқа интеллектуалды меншігіне немесе басқа тұлғаның немесе ұйымның интеллектуалды меншігіне сәйкес жанама көрсету, бас тарту құқығынан айыру немесе басқа жолмен рұқсат немесе құқық беретін болып қарастырылмауы тиіс.

14. РЕТТЕУШІ ЗАҢНАМА
Бұл сайт Канада, Квебек Монреаль қаласындағы ALDO компаниясы арқылы бақыланады және басқарылады және осы шарттар, осы веб-сайт, бұл веб‑сайттың кез келген қолданылуы және онда немесе оның негізінде өткізілген кез келген мәміле Квебек провинциясының заңнамасымен, осында қарама‑қайшылықтар құқығы принциптеріне сілтемесіз қолданылатын Канада заңдарымен реттелуі тиіс. Халықаралық тауар саудасы үшін шарттар туралы БҰҰ конвенциясын қолдану бірауыздан шығарылады.

15. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ; СОТ ҚОРҒАНЫСЫ
БҰЛ ТАРАУДЫ ТОЛЫҒЫМЕН ОҚЫП ШЫҒУ МАҢЫЗДЫ. БҰЛ ТАРАУДА СОТТА СОТ ПЕН САЙЛАНҒАН СОТ АРҚЫЛЫ ЕМЕС, БАЙТАРАП ТАЛҚЫЛАУҒА ДЕЙІН АҚЫРҒЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТІ ТӨРЕЛІК ТАЛҚЫЛАУ КӨМЕГІМЕН ДАУДЫ ШЕШУ КӨЗДЕЛЕДІ. БІЗДІҢ ПРОВИНЦИЯДАҒЫ НЕМЕСЕ АУМАҚТАҒЫ ЗАҢДАР КЛИЕНТТЕРМЕН БЕЛГІЛІ БІР КЕЛІСІМДЕР ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОРЫНДАЛУЫ МІНДЕТТІ АРАЛЫҚ СОТ ШЕШІМІН ОРЫНДАУДЫҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУІ МҮМКІН.

Міндетті төрелік
Біздің арамыздағы немесе біздің кез келгеніміздің осы шарттардың, осы веб‑сайтты, осы веб‑сайтты кез келген қолдану, онда немесе оның негізінде өткізілетін кез келген мәміле (келісімдік немесе келісімдік емес, келісім немесе деликт бойынша жарғыға немесе қаулыға немесе басқа бір нәрсеге сәйкес немесе бұрын, қазір, немесе алдағы уақытта орын алатын) негізінде, оларға қатысты немесе олармен байланысты басқаларға немесе басқарудың қызметкерлеріне, агенттеріне, сенімді тұлғаларына, лауазымды тұлғаларына, басшыларына, мұрагерлеріне, құқықтық мирасқорларына немесе филиалдарына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе шағымдар; соның ішінде келіссөздерге, құруларға, болуға, заңды күшке, орындауға, нәтижелерге, түсіндіруге, бұзуға, шешуге немесе күшін жоюға қатысты кез келген мәселелер, сонымен қатар төрелік туралы бұл шарттың аталған шеңберде (соның ішінде А жоспары) қолданылуы (бұдан әрі бәрі бірігіп «Шғымдар» немесе жекелей «Шағым» аталатын) міндетті төреліктің қарастыруына берілуі және ақырғы түрде шешілуі тиіс, бұл ретте осы шарттардың құрама бөлігі болып табылатын А жоспарында көрсетілетін төрелік регламентке сәйкес жалпы юрисдикция соттары қолданылмауы тиіс. Алайда төрелік талқылауға Шағымды ұсыну алдында 1-800-326-2536 нөмірі бойынша клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің өкілдеріне хабарласып, бізге дауды шешу мүмкіндігін беруіңіз керек. Сол сияқты ALDO төрелікке келіспеушілікті ұсынар алдында біз сізге хабарласу арқылы мәселені шешу әрекетін жасауымыз керек. Егер келіспеушілік сіз немесе ALDO өзара келіспеушілік туралы хабарландырған күннен бастап алпыс (60) күн ішінде қанағаттанарлықтай реттелмеген болса, тараптардың кез келгені төменде А жоспарында көрсетілгендей төрелікке жүгінуді бастай алады

Неғұрлым сенімді болу үшін тараптардың ешқайсысы осы шарттармен немесе заңмен айқын түрде рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда федералдық және жергілікті деңгейдегі кез келген сотқа немесе трибуналға осы шартқа қандай да бір деңгейде қатысы болмасын қандай да бір мәселе, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, кез келген шағым, Шағымға байланысты басталған кез келген төрелік талқылау, сонымен қатар, Шағымға байланысты қабылданған кез келген төрелік шешім бойынша көмек сұрап жүгінбеуі тиіс. Төрелік талқылауға сәйкес шығарылған кез келген шешім ақырғы және тараптардың әрқайсысы үшін міндетті болуы тиіс; мұндай шешімге қатысты апелляция берілмеуі тиіс. Мұндай шешім құқықтық санкциямен шығарылып, шешімді орындауға мәжбүрлеу қолданылатын тұлғаға немесе оның меншігіне юрисдикцияға ие кез келген соттың орындауына жатқызыла алады.


ЕШҚАНДАЙ ШАҒЫМ БАСҚА СОТ ІСІМЕН БІРІКТІРІЛМЕУІ НЕМЕСЕ БІР ТӨРЕЛІК СОТТА БАСҚА КЕЗ КЕЛГЕН ТҰЛҒАНЫҢ ДАУЫМЕН БІРІКТІРІЛМЕУІ НЕМЕСЕ CLASS-WIDE (КЕҢ СЫНЫПТЫ) НЕГІЗІНДЕ ШЕШІЛМЕУІ ТИІС. ТАРАПТАР ОСЫ ШАРТТАРҒА СӘЙКЕС ШЕШІЛЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН ШАҒЫМ ҚАНДАЙ ДА БІР СЕБЕППЕН БАСҚА КЕЗ КЕЛГЕН ТӨРЕЛІК ӨНДІРІСПЕН БІРІКТІРІЛМЕУІ ТИІСТІГІНЕ КЕЛІСЕДІ. ТӨРЕШІ ШАРТТАРМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН ШЫҒЫНДАРДЫ НЕМЕСЕ ЖАЗАЛАУШЫ ШЫҒЫНДАРДЫ НЕМЕСЕ АДВОКАТ МАРАПАТЫН ТАҒАЙЫНДАЙ АЛМАЙДЫ. СІЗ ЖӘНЕ ALDO ОСЫ ШАРТТАРҒА СӘЙКЕС АЛЫНЫП ТАСТАЛАТЫН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ШЫҒЫНДАРДАН БАС ТАРТАСЫЗ.

Сот қорғанысы
17‑тараудағы қаулыларға, А жоспарына немесе осы шарттардың басқа қаулысына қарамастан ALDO компаниясы өз сауда белгісін немесе басқа интеллектуалды меншікті немесе құпия ақпаратты қорғау үшін немесе төрелікті күту кезінде өзінің кво мәртебесін сақтау үшін сот, алдын ала қорғаныс немесе қамтамасыз ету шаралары үшін кез келген сәйкес сот инстанциясына жүгіну құқығына ие болуы тиіс.

16. ШАРТТАРҒА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ; КЕЛІСІМНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ БӨЛІНУІ
ALDO компаниясы осы веб‑сайтқа кейде түзетулер, өзгертулер енгізе алады немесе осы веб‑сайтқа қолданылатын шарттарды басқаша өзгерте алады. Біз осы веб‑сайттағы өзгерістер туралы хабарландыру жіберу арқылы осы веб‑сайттағы кез келген түзетулер туралы хабарландырамыз. Осындай өзгерістер туралы хабарландыру жібергеннен кейін бұл сайтты одан әрі пайдалануыңыз осы шарттар мен өзгертілген басқа технологияларды мақұлдауыңызды білдіреді. Бұл өзгерістер сіз үшін міндетті болып табылады. Егер бұл шарттардың қандай да бірі заңды күші жоқ, жойылған немесе қандай да бір себеппен құқықтық санкциясы жоқ деп саналса, бұл шарт бөлініп алынған болып саналып, басқа кез келген шарттың заңды күші мен құқықтық санкциямен қамтамасыз етілуіне ықпал етпеуі тиіс.

17. ЮРИСДИКЦИЯ
Бұл сайт Канада, Квебек, Монреаль қаласындағы ALDO компаниясымен бақыланады және басқарылады. ALDO компаниясы веб‑сайттағы материалдардың басқа аймақтарға пайдалануға сәйкес немесе қол жетімді екені туралы мәлімдеме бермейді. Басқа аумақтардан осы сайтқа кірушілер мұны өз бастамашылығымен жүзеге асырады және жергілікті заңдар қолданылатын болса, олардың қолданылу шеңберінде сәйкестік үшін жауап береді.

18. COOKIES
Біз сіздің қалауыңыз бен ALDO компаниясындағы қызметіңізді қадағалау үшін «cookies» файлдарын қолдануға құқылымыз. Cookies– бұл веб-сайттан сіздің компьютеріңіздің қатты дискісіне ауыстырылатын кішкене ақпараттық файлдар. Олар сіздің сайтқа кіруіңізді барынша нәтижелі қыла отырып, сіздің қалауыңызды тіркеуді сақтап қалады. Cookies түрлі ақпараттарды, соның ішінде сіздің сайтқа кіруіңіздің санын, тіркеу ақпаратын және жеке парақтарды немесе сайттағы басқа да элементтерді қарауыңыздың санын сақтап қала алады. Cookies қолдану – клиенттерге неғұрлым сапалы қызмет көрсету үшін басым көпшілік сайттар арқылы қабылданған жалпы тәжірибе. Басым көп браузерлер cookies қабылдайды, бірақ олар блоктауға оңай реттелген болуы мүмкін; cookies блоктау мәліметтерін, егер cookies алғаныңызды білу жолы және cookies толығымен өшіру туралы браузеріңіздің анықтамасынан іздеңіз. Алайда, куки файлдарынсыз веб‑сайттың кейбір функциялары қол жетімсіз болатынын және пайдаланушы сайттың кейбір артықшылықтарын пайдалана алмайтынын ескерткен жөн.

19. ҚҰҚЫҚТАРДАН БАС ТАРТУДЫҢ БОЛМАУЫ
ALDO компаниясының бұл шарттардың қандай да бір қаулысын орындауға немесе сіздің не үшінші тараптардың міндеттемелерді орындауды бұзуына жауап беруге қабілетсіздігі ALDO компаниясының құжатта қамтылатын немесе кез келген қаулылар мен шарттарды орындау құқығынан немесе балама бұзушылықтарың әрекеттерге қатысты іс‑әрекеттерден бас тартуын білдірмейді.

20. ШАРТТЫҢ ТОЛЫҚТЫҒЫ
Бұл шарттар құжатқа кіретін немесе оған қатысты басқа келісімдермен, қаулылармен және шарттармен бірге сіз бен ALDO арасындағы веб‑сайтты немесе веб‑сайтта өткізілетін кез келген мәмілелерді қолдануға қатысты келісім толықтығын құрайды немесе оның негізінде осы құжат келісімінің нысанына қатысты кез келген алдыңғы келісулер немесе келісімдердің (электрондық, ауызша және жазбаша) орнын басады және жазбаша түрде немесе ALDO компания компаниясы арқылы осы құжат шарттарына сәйкес мұндай түзетулер мен өзгертулерді оған қолжетімді ету мақсатындағы жағдайларды қоспағанда басқаша түзетіле немесе өзгертіле алмайды.

21. ТОҚТАТУ
ALDO хабарландыру бере отырып немесе бермей сіздің сайтқа немесе оның бір бөлігіне қатынасыңызды тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

22. ТАҚЫРЫПТАР
Құжатта қолданылатын тақырыптар тек сілтемелердің ыңғайлылығы үшін қойылады және олардың құжатта түсіндірілуіне ықпал етпейді.

Соңғы жаңартылуы: 15-8-2008